«9 айға 9 іс-шара» жобасы » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2023

«9 айға 9 іс-шара» жобасы

08 қыркүйек 2023 жылы «9 айға 9 іс-шара» жобасы аясында жан мен тән тазалығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында  бірыңғай республикалық «СЕРГІТУ СӘТІ»  ЧЕЛЛЕНДЖІ ұйымдастырылды.

Челлендждің мақсаты - балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. 

Челленджді ұйымдастырушылар: Мектеп әкімшілігі, дене шынықтыру пән бірлестігі, сынып жетекшілер.

         Челлендж өтетін орны: Мектеп алаңы, спорт зал.  

         Челленджге қатысушылар: 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары болды.

Білім алушылардың оқу күні айтарлықтай психикалық және эмоционалдық жүктемелерге толы, ұзақ уақыт статикалық (қозғалыссыз)  күйде болу бұлшық еттердің шамадан тыс жұмыс істеуіне әкеледі. Педагогикалық тәжірибе өнімділікті тез қалпына келтіру үшін сергіту сәттерін қолдану тиімді екенін көрсетеді. жаттығуларын қолданудың тиімділігін көрсетуде. 


Өткізу шарттары:

Сергіту жаттығулары оқушылардың жасына, оқу қызметінің түріне байланысты таңдалды.

1-4 сыныптар: сергіту минутына  арналған   жаттығулар  кешені құрылымы жағынан қарапайым, балалардың шығармашылық қиялын оятатын еркін сипаттағы үйлесімді оңай жаттығуларды қамтиды. Жаттығулар кешені тартылудан, кеудені түзу ұстаудан  және  иілуден басталады. Әрі қарай қолға, иыққа,  кеудеге,  аяққа, белге, дұрыс дене бітімін қалыптастыруға бағытталған аяқтың төменгі бөліктеріне арналған жаттығулар жасалады. Жаттығуларға қол шапалақтау да   кіреді. Жаттығулар  тыныс алу циклімен бірге  дәл жасалады.

 5-9 сыныптар:


 

4

 
Қол, аяқ, кеуде, мойын және дененің басқа бөліктеріне арналған жаттығулар жиынтығы әртүрлі бұлшық еттің жиырылуымен, әртүрлі жылдамдықпен, амплитудамен, әртүрлі қарқынмен орындалуы мүмкін. Кешенге әртүрлі бастапқы қалыптан орындалатын бұрылулар, еңкеюлер, шеңберлі және серіппелі қимыл-қозғалыстар кіреді. Жаттығудың ұзақтығы жаттығушылардың жасына қарай күрделене түседі.

10-11 сыныптары 

Кешен кіші бұлшық ет топтарына арналған жаттығулардан басталады, содан кейін орташа, үлкен бұлшық ет топтарына арналған жаттығулар біртіндеп қосылады. Кешенге бұрылулар, иілулер, бастың, дененің айналмалы қозғалыстары, дененің серіппелі қозғалыстары; қолды сермеу, қолдарды көтеру  және  айналдыру; иық буындарындағы бір мезгілдегі, ауыспалы, біртіндеп, симметриялы және асимметриялық қозғалыстары, жартылай отырып тұру және толық отырып тұрулар кіреді. Жұптық жаттығулар қасындағы серігінің қарсылығымен жасалады. Жаттығулар (алдыңғы жас топтарымен салыстырғанда) үйлестірудің күрделілігімен және жүктеменің  көптігімен   ерекшеленеді.Орындалу ұзақтығы  4- 4,5 мин. болды.

Іс шараның ақпаратты Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде жарияланды. Іс-шараға дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ж.Займолда, Д.Бақтыбаев, Б.Авдил жоғары деңгейде ат салысты.   Басқа аты аталмаған ұстаздарымыз өкінішке орай өз жұмысына салғырттық танытты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив