8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі
10
март
2022

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі



Белбұлақ ауылы №32  орта мектеп бойынша 

  8 наурыз   Халықаралық әйелдер күні мерекесін  өткізуге арналған  

 іс-шараның анықтамасы




Белбұлақ ауылы № 32 жалпы білім беретін  орта мектебінде                          

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуді ұйымдастыру  мақсатында   аудандық   білім бөліменен   келген іс-шара жоспарын  басшылыққа ала отырып жоспар   жасалынып бекітілді.

Биыл  Халықаралық әйелдер күнін мерекелеудің идеялық-мазмұны басты күн тәртібіне – жаңа Қазақстанды құруға бағытталды. Осы аталған   бағыт бойынша  жұмыстар жүргізілуде. 1-11  сыныптарда    тәрбие сағаттары  өткізілді. Бұл іс-шараларға   ата-аналар тарапынан да  келіп қатысты.      

       Мектебіміздің оқушыларының ұйымдастыруымен ауылымыздың  батыр аналарын және  ардагер ұстаздарын  арнайы   шақырып    шағын концерт қойып беріп ,қонақтарға  мерекелік көңіл- күй сыйлады. Мерекелік іс-шараның  ашылуында   мектеп директоры  М.Алиева  сөз сөйледі : 

        « Мемлекет басшысы Қ .К.Тоқаевтың  ағымдағы жылғы қаңтарда  халыққа   жолдаған үндеуіндегі  белгілеген басымдықтарына  жан-жақты   тоқталып   өтті.    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әйелдердің экономикалық және саяси ілгерілеуі саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Әйелдердің құқықтарын қорғаудың құқықтық негізі мен институционалдық тетіктері жасалды, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда, нақты нысаналы индикаторлар айқындалды.

       2021 жылы ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың бірқатар бастамалары әйелдер құқығын кеңейту, ана мен баланы қорғау мәселелеріне арналды. 

Сонымен, балалы болу мүмкіндігі жоқ отбасыларды қолдау мақсатында арнайы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. 

Әйелдердің еңбегін пайдалануды шектейтін жұмыстардың тізімі заңды түрде жойылды.

Әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота енгізілді,   бұл әйелдердің Парламенттегі және жергілікті өкілетті органдардағы өкілдігін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Квотаны міндетті есепке алу туралы, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін осыған ұқсас норма депутаттық мандаттарды бөлу кезінде бекітілген. 

Ішкі істер органдарындағы әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат саны күшейтілді.

Жұртшылықтың қатысуымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату мүмкіндігі туралы, сондай-ақ жалғызбасты ата-аналар үшін ерекше еңбек жағдайларын жасау қажеттілігі туралы мәселелер пысықталуда. 

Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шараларды іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Үкімет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің жанжалдарды болдырмауға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тең құқылы және жан-жақты қатысуы жөніндегі қарарларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады.

Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін көтермелеу және ілгерілету бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар  жүргізілуде.  Сондай-ақ Мемлекет басшысы биылғы жылды  Балалар жылы деп жариялағанын айтты. Қашанда анамен баланың өмірі бірінші орында тұрғанын айта отырып балалардың дені сау жақсы азамат болуларына аналардың орны ерекше » - деп өз сөзін аяқтады. 

       Ата-аналарымызбен  ұстаздарымыз   оқушыларымыздың  өнерлерін тамашалап, ақ  тілек баталарын беріп  қуанып қалғандарын айтып  тарқасты.

       Мектебімізде  өзін-өзі басқару  тобындағы   балаларымыздың ұйымдастыруымен   ауылымыздағы  жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып аулаларын  қардан тазартуға қол ұштарын беріп тұрады .Мұндай   көмек беру  жұмыстары  үнемі жалғасын табуда.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:               Е.Рыскулов

                                                                                                       А.Жусупалиева 




















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив