МИФ бірлестігі » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2022

МИФ бірлестігі




Математика, информатика және физика онкүндігінің

 қортынды есебі      /2021-2022/ оқу жылы


     Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән онкүндігін өткізу. Осыған орай ақпан айының 8-і мен 18-і аралығында математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің әдістемелік күндері өткізілді. 

Нақты пәндер бірлестігі әдістемелік күндерінде пән мұғалімдері бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. 

    Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.

     Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс- шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар. 

Физика пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 11 ақпан күні  Жуматаева Гульмира Жуматаевна 7 ә  сыныбында «Қатынас ыдыстар » тақырыбында  ашық сабақ өткізді.

 

 

 

 Оқушыларға қойылған сұрақтар үй тапсырмасын қайта қайталауға, пысықтауға өз көмегін тигізеді. Сыныпта жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушылармен «Көңіл күйім қандай?» тәсілі   ұйымдастырылды. Жаңа сабақты «Миға шабуыл» арқылы сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып алды. 

 

Жаңа сабаққа барысында оқушылар барлығы өзара топта жұмыс істеді 

 

Жуматаева Г.Ж.  сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым.  Оқұшылардың білімдерін бекіту үшін  Quizizz  платформасын пайдаланып, оқушылармен  викториналық сұрақтарға  жауап ала отырып , сабақты түсінгенін бақылады.  

Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы (рефлексия, кері байланыста)

Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен материалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.

14.02.22 ж  Кожаханов Кайрат Ізбасарұлы алгебрадан «Келтіру формулалары » атты тақырыпта ашық сабақ жүргізді.

Мұғалім оқушыларды   үй жұмысын  тексеру барысында өзара  бағалауды және өзін өзі бағалауды,  сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында  жеке дара жетістіктермен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданды. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін- өзі бағалауі  ұиымдастырылді.

Сонымен қатар Қожаханов Қ.І. 9-10  қазақ сыныптар арасында «Қызық екен» атты математикалық жарысын  өткізді. Дайындалған тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда болды. Ойынның тәрбиелік маңызы зор болды және оқушылардың ой-өрісін дамытуға көп ықпал етті.


 


 


15 ақпан күні  Амирешова  Жанна Әлібекқызы

6 «Ә» сыныбына «Сан аралықтары». Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Үй жұмысы «Көршіңді тексер» тәсілі бойынша тексеріліп, жүзеге асырылды, және өз-өздерін есептің дұрыс шығарылуы бойынша баллдық шкаламен бағалады. Бағалаудың «Үй тапсырмасы», «кесте толтыру»,«сәйкестендіру» бөлімдері бойынша «8», «7», «6», «5» бағаларының дискрипторлары бойынша ұсынылды. Өткен сабақты қайталау  мақсатында «Пликерс» бағдарламасын қолданды. Пликерс бағдарламасын қолдану мақсаты оқушылардың толық сабаққа қатысуын қадағалап, өткен материалды тест арқылы  қалай меңгергені туралы білімдерін тексеру. Сабақта жұптық, топтық, жеке жұмыстар орын алды. Сабақтың соңында бекіту мақсатында Пликерс бағдарламасы арқылы тағы тест алынды. Сабақ соңында  бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды. Бұл сабақта тақырып толығымен талданды, себебі оқушылар әр түрлі танымдық тапсырмалар орындай отырып, алға қойған мақсаттарына жете білді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Ашық сабақ оқушыларға ұнады және қызықты өтті. Сабақ өз деңгейінде, жақсы деп бағаланды.


 

 


15 ақпан күні Керимбекова Меруерт Касымбековна 5 «Д» сыныбында

«Сложение и вычитание десятичных дробей» атты ашық сабақ жүргізді.

Сабақтың басында психологиялық ахуалды ескере отырып, оқушылардың  көңіл-күйін  көтерді. Үй тапсырмасын оқушылар  бір-бірін   дескриптр арқылы тексерді. Сабақ барысында тапсырмалар  жас ерекшеліктеріне сай және пәнаралық байланысты тиімді қолданды. Қалыптастырушы бағалау «Түймедақ стикері» әдісін жүргізіп, кері байланысқа «Сәттілік баспалдағын»   қолданды.

Ұнаған сәті – тақырып бойынша дайындалған мультимедиялық презентация. 

 


15.02.2022 күні 5 «ә» сыныбында математика сабағынан «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында Наурызбекова Қ.Б. ашық сабақ өткізді.Сабақ психологиялық ахуалдан басталып, «Миға шабуылдан» жалғасын   тапты. «Бәрін білгім келеді» тақырыбында   «Адасқан әріптер»  әдісі бойынша сәйкестендіру арқылы әрі пәнаралық байланыс жасап «Колибри» сөзін құрады.  Оқушылар қағаз қиындыларындағы сәйкес натурал сандар,аралас сандар,ондық бөлшектер мен жай бөлшектерді алу арқылы аттарымен топқа бөлініп отырды.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Зымыран сұрақтарға» жауаптар https://docs.google.com/forms/d/1S0-NuRUMtzs-Q8BQp50wHcx_lXjLdcwt65-MDlaSwXk/edit?usp=sharing  сілтемесін басу арқылы алынды

 

Қызығушылығын ояту мақсатында «Қатені тап», «Зақымданған үтірлер» ойын есептері шығарылды. Есептегі қатені тауып,дұрыс ондық бөлшекке келтіреді. Сергіту сәтіне https://wordwall.net/resource/28694671 сілтемесін басып,ауызша есептер шығарылды..Дұрыс шыққан есепке шаблон беріліп отырды. Қорытындылау,жинақтау мақсатында «Кім жүйрік» тестері   төмендегі сілтемелер арқылы алынды. 

https://wordwall.net/resource/28246677 және https://quizizz.com/join?gc=033975 

Оқушылар сілтеме арқылы кіріп белгілейді,шыққан нәтиже бойынша өзін-өзі бағалады.Сабақта  топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. 

Сонымен қатар 17.02.2022  куні 7 «А»,7«Б» оқушылар арасында Наурызбекова Қ.Б. «Математиқалық көкпар» ойынын жүргізді. 

 Оқушылардының білімділік дағдыларын байкау, олардын қабілетін ашу. алған білімдері өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру, математикалық тілде көркем сөйлеуге, жылдам ойын қорытып жауап беруге жаттықтыру, логикалық ойлауын дамыту мақсатында өткізілді. Caйыс басында 7-а сыныбынан құралган «Сұңкар» тобы, 7-б сыныбынан кұралган «Білгiрлер» тобы өз топтарымен таныстырып, үй тапсырмасы бойнынша келесі топқа дайындалған ребус, сөз жұмбактарымен алмасып шешісті.Caйыстағы бөлімдер бойынша сайыскерлер әрбір бөлімдерге мұқият мән бере отырып катысып, өз балдарын алып отырды. Көрермендерге сұрақ берілді, әрі «кара жашік» ішіндегі құпия затты табуға есeптер берілді. Сайыс өте қызықты өтті.

 

15 ақпан күні  математика пәні мұғалімдері : Дарменова А .Т. және Арыкбаева Г.К. «Математическое ассорти» атты сыныптан тыс ойын-сайыс өткізді. Бұл сайыс 8б және 8в сынып оқушыларының  командылары арасында өтті,  мектеп әкімшілігі  мен мұғалімдері, сонымен қатар жоғары сынып оқушылары қатысты. Әр команда алты адамнан тұрды.

  Іс-шараның мақсаты: - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ояту;  - математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту;  математикалық дүниетанымын, ойлауын дамыту;   табандылыққа, бастамашылдыққа тәрбиелеу.   Жетекші болып 11-сынып оқушылары сайланды.  Ойын командалардың сәлемдесуімен басталды. Оқушылар    топтың атына сәйкес атау, эмблема ойлап тауып, газеттің суретін салды.  Мұнда екі сыныптың оқушылары жақсы дайындық пен ұйымшылдық танытты.  Әрі қарай, байқау 9 турдан тұрды: «Суретте сурет», «Әдеби», «Тарихи», «Сиқырлы D», «Блиц-турнир», «Қара жәшік», «Фото», «Дешифрлеуші» және «Музыкалық».   Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар математикалық ұғымдардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін, ұлы математиктердің білімін жақсы меңгергендерін көрсетті.  Олар тез  және, негізінен, блиц-турнир  сұрақтарына дұрыс жауап берді.Оқушылар  логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды да орындады.  Музыкалық экскурсиялық тапсырма балаларға алдын ала үй тапсырмасы ретінде берілді (мүмкіндігінше математика сөздері бар әндерді көп айту).   Бұл турда 8 «Б» сыныбының командасы екінші командаға қарағанда көбірек дайындалып, көп ұпай жинады.  Байқау қорытындысы бойынша әділ  қазылар алқасы оқушылардың еңбегін бағалап, 1 орынды 8 «Б» сынып командасына, 2 орынды 8 «в» сынып командасына берді.  Жалпы бұл сайыста оқушылар өздерін өте жайлы сезініп, негізгі бөлігі белсене қатысып, өз қабілеттері мен таланттарын көрсетті деп айта аламыз.  


 


 

 


 


17.02.2022 ж. Каракулова Акжунис Жайнабеккызы  8 «Ә» сыныбына геометрия пәнінен «Үшбұрыштың ауданын табу» атты тақырыпта ашық сабақ жүргізді. Оқушылар үй тапсырмасында қолдану дағдысын дамыта отырып, қайталау сабағы барысында түсіну, білу дағдыларын аша білді. Өткен сабақты еске алу мақсатында «Фрейер моделі» әдісін пайдаланды. Оны оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен қалыптастырушы бағалау жасады. Сергіту сәтінде геометриялық фигуралардың ішіне сандар орналасқан суретті пайдаланып, оқушылар тез жауап тауып сергіп алды. Оқушылар мұғалім айтқан ақпарат пен кітаптағы мәліметті пайдалана отырып  орындаған дәптермен жұмыс және топтық жұмыста матрица түрінде есептің алгоритмін көрсету олардың тез түсінуіне ықпал етті. Ал, алдағы уақыттарда сабақ өту барысында ескерілетін жағдайлар:

- Тапсырмаларды құрастырғанда оқушының жас ерекшелігін ескеру;

- Жоғарғы таным деңгейлеріне қарай жетелеу;

- Уақытты ескере отырып, тапсырма жасау;

 


 


18.02.2022 күні 5 «а» сыныбында информатика сабағынан «Компьютерде өзіңе зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге   болады?»тақырыбында Кудабаева Жадыра Акимхановна  ашық сабақ өткізді. Сабақ психологиялық ахуалдан басталып, «Миға шабуылдан» жалғасын  тапты. Топта топ басшы сайланып, үйге берілген тапсырманы қайталау барысында Үй тапсырмасы - Случайное колесо (wordwall.net) 

  

 жетондармен бағалады.

 «Адасқан әріптер»  әдісі бойынша сәйкестендіру арқылы әрі пәнаралық байланыс жасап «Қауіпсіздік» сөзін құрады.  

«Есте сақтайық» әдісі Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында бейнебаян көрсетілді 

https://yandex.kz/video/preview/12572484914343633459

Жеке жұмыс.1-тапсырма. «QR » коды бар карточкалармен жұмыс. 

 

 Телефоннан камера арқылы кодтарды сканерлеп ішіндегі сұрақтарды Word мәтіндік редакторда жазып, жауап берді. Топ басшысы  жетондарды тарату арқылы бағаланды.

Сергіту сәті. Көзге арналаған жаттығулар.

Омыртқаға арналған жаттығулар жасалды.

Компьютердің пайдасы мен зиянын ажыратып  түсіндіріп, сабақты қорытындылады. 

  

Балалар тақтаға шығып стикерлерге өз оыйын жазып жабыстырды.

Оқушылар сабақтың ұнағаны жайлы кері байланыстарын беріп жатты.Оқушылар сабақта белсеңді болды, жеке жұмыста әркім өзі үшін жұмыстанып кететін болғандықтан,әрбір оқушы өз білімінің жеткілікті болуы керектін байқап отырады. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту барысында АКТ кеңінен пайдаланылдыСабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті.

 


 Физика пәні мұгалімі Куаныш Дәутхан 10 «Ә» сыныбында  «Робототехника ойындары» атты ойын-сайыс өткізді. Басында әр топ өздері құрастырған роботтарды таныстырды. Әрі қарай оқушыларға теориялық сұрақтар ұсынылды. Балалар белсенді қатысып дұрыс жауаптары үшін ұпайларын алып отырды. Екі команда өз роботтарымен футбол ойынын, әрі роботтар жарысын өткізді.  Жарыс сонында жеңімпаз топ және жеңімпаз робот жасаушы анықталып мақтау қағаздармен марапатталды. Жарыс оқушылар және көрермендер үшін қызыкты болды. 

 


 

Рахтай Айша Муратовна  физика  пәнінен 8 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді, тақырыбы « Параллельное и последовательное   соединение».

Бұл сабақта Айша Муратовна  бекіту кезеңінде  оқушымен жеке жұмыс ретінде  Treventy  платформасын, онлайн ойын  пайдаланды. Ол сабақты біріншіден  уақытты тиімді пайдаланды, екіншіден оқушылардың қызығушылығын ойнатты.   Сабақтың кері байланысында «Лампочка» әдісін  орынды пайдаланды. 

Ұсыныс ретінде : сабақ барысында   бағалауға көңіл бөлуін ұсынылды.

 

 
Жас маман Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызы  информатика пәнінен 4 ә сыныбында  «Презентацияларға арналған ақпарат»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Бүкіл сабақ барысында  презентацияны  гипер- ссылка арқылы өте орынды және қызықты пайдалана білді. Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ», «Стикер», «Шапалақ ұру» әдісі арқылы өтті.Меруерт Ілімғожақызы сабақ барысында  әр тапсырманы  дескриптрмен ұсынды.


Жас маман Изтелеуов Қуандық Серикович  информатика

пәнінен 6 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді, тақырыбы «Алфавит языка. Синтаксис». Тапсырмалар орындау барысында «Выбери рисунок» «Презентация» «Объяснение и каждый учит каждого» «Лови ошибку».

әдістері орын алды. Оқушылар сызықтық алгоритмды пайдалана отырып Python тілінде есеп құрастырды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарқа дұрыс жауап берді.

  

МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, білімге деген құштарлықтары мен өз бетімен іздену дағыдысын, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

         Онкүндіктің сонғы күнінде мектеп мұғалімдеріне семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: әріптестерді жаңа компютерліқ бағдарлалармен таныстыру. Сонымен қатар онкүндік барысында жүргізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар мектеп мұғалімдерге видео-презентация түрінде ұсынды.

Жоспарланған іс-шаралар осы өткен онкүндікте толық және жақсы деңгейде өткізілді.

 

 


 



                           






Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Жоспар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив