«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары» » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары»
20
сентябрь
2023

«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары»

18.09.2023 жылы мектебімізде «Жасөспірімдер және қылмыс» буллинг, кибербулингтің алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары» тақырыбында «Қырмызы»  қыздар, «Жасұлан» ұлдары отырысы8-11 сынып оқушыларымен өткізілді.Жиынға сынып жетекшілері, МД ТІЖО Н.Р.Мырзаханов, А.С.Жусупалиева, Талғар АПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С.Н.Таубалдиева және Ж.Е.Алимбекова,  әлеуметтік педагог А.Б.Байғожина, мектеп педагог-психолгтары Р.Қ.Тлеубаева, Ш.А.Созақбаева қатысты. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Талғар АПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С.Н.Таубалдиева және Ж.Е.Алимбековалар сөз алды. Ол өз сөзінде  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының мақсатын, міндетін түсіндірді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаманың 12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар 127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау туралы заңдардан ақпарат берілді. Оқушыларға және олардың заңды өкіліне (ата-анасына)  қатысты қолданылатын іс-шаралар (штраф, есепке алу ) туралы ескертілді. Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы!-деп өз сөзін аяқтады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша құқық МД ТІЖО Н.Р.Мырзаханов пен А.С.Жусупалиева сөз алды. Ол өз сөзінде қазіргі мектептердегі өзекті мәселеге айналған бопсалау, әлімжеттік, мазақтау секілді іс-әрекеттердің заң тұрғысынан қаралатынын, әкімшілік шара қолданылатынын жеткізді. Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, өзгенің құқығына қол сұқпауға, мектеп ережесіне бағынуға шақырды.


Күн тәрітібіндегі төртінші мәселе бойынша педагог ұйымдастырушы Е.С.Шоранв сөз алды. Ол өз сөзінде оқушылардан құқықтары мен міндеттері туралы айтты. Оқушылармен сұхбат жүргізіп, олардың өз құқықтары туралы не білетіндігін сұрады.  Оқушыларға мектептегі үлгілі оқушының мінез-құлық ережелері мен этикалық нормалар туралы түсіндірді. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіру- адамның мәдениет деңгейінің көрсеткіші екендігін айтты. Оқушыларды бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, түрлі қоғамдық жұмыстарға ат салысуға шақырды. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қатарынан көрді қалайтындығын жеткізді.

      Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша педагог-психолог Р.К.Тлеубаева және Ш.А.Созақбаева/ сөз алды. Ол оқушыларға «Буллинг –қазіргі қоғамдағы шынайылық» атты бейнеролик көрсетті. Оқушылар бейнероликті тамашалап болған соң талдауға шақырды. Оқушыларға бейнероликке қатысты сұрақ қойып, пікір алмасу жүргізді. Психолог Р.К.Тлеубаева Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не? Буллингке кімдер ұшырайды? Буллингке ұшыраған оқушыны қалай білеміз? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? деген мәселелерді көтерді. 



Оқушыларға «Өзіңді кибербуллингтан қалай қорғауға болады?», «Егер сен буллингке ұшырап немесе куәгері болсаң не істеуің керек?» деген сауалдарға жауап ретінде ұсыныстар мен кеңестер берді. Оқушыларды өзгелерді жеке тұлға ретінде қабылдап, оның ар-намысына нұқсан келтірмеу, өз бойымызда мейірімділік пен жанашырлық, эмпатия (өзгелердің эмоциясын қабылдай, түсіне білу) мен толеранттылықты дамыту керек екендігін айтты. Ол өз сөзін біздің мектебізде буллингке жол жоқ. Біз біргеміз!!! деген сөздермен аяқтады.

Жиынның қорытындысы мектептің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив