Математика, физика және информатика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 2022-2023 оқу жылы » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика, физика және информатика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 2022-2023 оқу жылы
01
февраль
2023

Математика, физика және информатика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 2022-2023 оқу жылы

  1. Ашық сабақтар


Сабақтың тақырыбы

Пән

Сынып

Кабинет

Мерзімі

Мұғалімнің аты-жөні


Теорема косинусов.

геометрия

№301

         02.02.23

1 сабақ /8-00:8-45/

Дарменова А.Т..


Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

математика

№211

         03.02.23

2 сабақ /14-20:15-05/

Тлеубаева Р.К.


Өткізгіштерді  тізбектей және  параллель жалғау.

физика

№211

         06.02.23

4 сабақ /10-35:11-20/

Жуматаева Г.Ж.


Іштей сызылған үшбұрыш пен сырттай сызылған көпбұрыштың аудандары.

геометрия

№302

         07.02.23

1 сабақ /8-00:8-45/

Каракулова А.Ж.


Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу

информатика

№317

         07.02.23

3 сабақ /15-15:16-00/

Жайнар Г.С.


Сложение и вычитание десятичных дробей.

математика

№302

         07.02.23

4 сабақ /16-05:16-50/

Амирешова Ж.А.


Растрлық және векторлық суреттерді салыстыру. Практикум.

информатика

№317

         07.02.23

5 сабақ /16-55:17-40/

Нұрғожаева М.І.


Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. Ондық болшектерді көбейту.

математика

№201

         08.02.23

2 сабақ /14-20:15-05/

Чайниетова П.С.


Иллюстрации в тексте.

информатика

№316

         08.02.23

2 сабақ /14-20:15-05/

Арифова Э.О.


Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

математика

№303

         08.02.23

3 сабақ /15-15:16-00/

Наурызбекова Қ.Б.


Сложение и вычитание векторов в координатах. Умножение вектора на число в координатах.

геометрия

10в

№304

         10.02.23

2 сабақ /08-50:09-35/

Арыкбаева Г.К.


Электр тогының жұмысы мен қуаты.

физика

№212

         09.02.23

4 сабақ /10-35:11-20/

Дәуітхан К.



Линейное неравенство с одной переменной. Решение линейных неравенств с одной переменной.

математика

№311

         09.02.23

4 сабақ /16-05:16-50/

Керимбекова М.К.


Мәтіндік құжатпен жұмыс.

Сілтемелер.

информатика

№318

         10.02.23

4 сабақ /16-05:16-50/

Кудабаева Ж.А.


2. Сыныптан тыс іс – шаралар


Сабақтың тақырыбы

Пән

Сынып

Мерзімі

Мұғалімнің аты-жөні

1.

«Математикалық турнир»

математика

10

актовый зал

10.02.23

12-00


Қожаханов Қ.І.

2.

"Знатоки информатики "

информатика

5 в, д, г

актовый зал

14.02.23

12-00


Жуматаева Г.Ж.

Арифова Э.О.

3.

«Қызықты математика»

математика

5а,ә,б

каб. № 201

10.02.23

5 сабақ

 /16-55:17-40/


Тлеубаева Р.К.

Чайниетова П.С.


4.

«Математический вечер»

математика

 7в,7г

актовый зал

13.02.23

12-15


Дарменова А.Т.

Арыкбаева Г.К.


5.

«Математикалық квест ойыны»

математика

8а,ә,б

актовый зал


09.02.23

13-05

Наурызбекова Қ.Б.

6.

       Интерактивная игра 

« Математический футбол»

математика

6в,г,д

актовый зал

03.02.23

12-15



Керимбекова М.К.



                                                                        ӘБ жетекшісі:                                       Г.Арыкбаева


Математика, информатика және физика онкүндігінің

 қортынды есебі 

                                              /2022-2023/ оқу жылы


Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән онкүндігін өткізу. Осыған орай ақпан айының 1-і мен 14-і аралығында математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің әдістемелік күндері өткізілді. 

Нақты пәндер бірлестігі әдістемелік күндерінде пән мұғалімдері бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. 

    Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.


Атап өтсек, математика пәні мұғалімі Наурызбекова Қ.Б 6 «ә» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді

 

 сабақта оқушыларға психологиялық ахуалда антижалқаулық дәрумендерін таратты.Ол оқушыларға ақыл,күш,табандылық береді.  

Банкомат әдісін пайдаланып саралау тапсырмалары шығарылды.Тәсіл өте қызықты болды.Үй тапсырмасын оқушылар тақтадағы дұрыс жауап арқылы өзін-өзі тексерді,бағалады. «Миға шабуыл» Пиза есептерінен берілді, жылдам дұрыс жауап берген оқушы сыйлықпен марапатталып отырды. «Кім жылдам» әдіс арқылы өткен сабақты еске түсіру мақсатында, есептер шығарылды.

Оқушылардың айтылым дағдысын, математикалық тілде сөйлеу дағдысын  дамыту мақсатында «Не білемін»  сұрақ-жауап алынды. Барлық оқушы жеке жұмыстар жүргізді. Жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушы сыйлықпен марапатталып отырды. Топпен жұмыс жүргізілді.«Түртіп алу» стратегиясы қолданылды. Жұптық жұмысқа  кестеде теңсіздіктер және оның шешімдері берілген. Шешімі дұрыс көрсетілген болса «+», ал шешімі қате көрсетілген болса «-» қоюға есептер берілді. Ақылды жұптар анықталып, бағаланып отырды. Сабақ соңында өзіндік жұмысқа семантикалық карта берілді. Оқушылар теңдеудің түбірлерін тауып, кестені толтырды.Әр кезеңде өзіндік бағалау бірге жүріп отырды.оқушылар смарт сағат арқылы өздерін бағалап отырды.Сабақ өте қызықты,тартымды өтті.


 


                . 



        Ақпан айының 06-і күні физика пәнінен Жұматаева Гүлмира Жұматайқызы «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында 8 «а» сыныбында сабақ   өткізді.Сабақ  ұйымдастыру кезеңі  амандасудан кейін «Көңілді күй » әдісін оқушылардың сабаққа жақсы көңіл күйін орнату арқылы  басталды. Топқа бөлу «Молекула схемасы» пайдаланды. «Wordwall» платформасы   арқылы оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына белсенді жауап берді. Электр тізбегінің элементтерін атай отырып, сызбасын  тақтаға сызып  салды.

Оқушылар   ойын әдісін жақсы көретін болғандықтан  өте   белсенді  қатысты.

  


         Басты назар оқушыларды өзін-өзі бағалауға   ұйымдастыру болды. Бағалауда сабақтың өн бойында  оқушылар әрқайсысы өзін қызыл түсті он заряд -10 балл және  көк  тұсті   теріс заряд -5 балл карточкалар арқылы бағаланды. Оқушылардың ынтасы жоғары, топтық, жұптық, жеке   тапсырмаларды белсенділік танытты. Жаңа біліммен танысуда слайд ұсынылды. Слайд арқылы ашық сабақ тапсырмаларын орындады. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі арқылы   есептерді топта шығарып, тақтаға жазып,   есептерді талдай отырып   оқушылар  тақырыпты  ашты. Тақырыпты түсінуде оқушыларға өз ойларын ашық айтуды ұсынылды. Сұраққа жауапты талдау болды.  Оқушылар «Сәйкесін табу»жұппен  жұмысын орындау арқылы сабақты қаншалықты  түсінгендіктері анықтады. «Түртіп алу» әдісін қолдана отырып, оқушылар дәптерлеріне керекті мәліметті жазып алды Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсету  және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа такырыпты бекіту мақсатында    «Айналмалы бекет» әдісі арқылыPlickersплатформасында жеке жұмыс  берілді.  Әрбір оқушы   сұрақтарға  жеке парағымен жауап бере отырып , тақырыпты қаншалықты түсінгенін , өмірмен байланысатын  құстарға   неге электр тогы әсер етпейтіні өте   қызықтырды.

   

Әр нәрсеге қабілеттілік тек іс-тәжірбие арқылы шыңдалатыны белгілі. Жуматаева Г.Ж. теориялық білімді іс-тәжірбиеге ұштастырды, оқушыларға  әр сәт қызықты өтті.

8.02.2023 ж. Чайниетова П.С. 5 «а» сыныбымен «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта сыныппен психологиялық ахуалды  туғызу үшін,оқушылармен шаттық шеңберін құрып «Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайы, Бір жадырап қалайық » деп барлығы айтып, бір бірімен амандасты. 

Үй тапсырмасын сұрауда оқушылар оң жақ көршісімен дәптер алмасып, тақтадағы үй жұмысының жауаптарынмен бірін-бірі тексерді. Есептердің дұрыстығына қарай 1-10 балл арасында бағаланды. Сабақта белсенді оқушылардың әлеуетін пайдалану арқылы топ басышысының бағалауы қолданылды. Бағалау парағы сабақ басында оқушыларға түсінідірілді. Ол оқушылардың бүгінгі сабақ барысында оқушылардың не үшін жұмыс жасап жатқандарын түсіну үшін маңызды болды.Бағалаудың «Үй тапсырмасы», «Сәйкестендіру», «Топтық жұмыс», «Жұптық жұмыс»  бөлімдері бойынша «2», «3», «4», «5»  бағаларының дискрипторлары бойынша ұсынылды. Бағалау парағы топ басшыларына таратылып, топ мүшелеріне жариялы болды. 

 «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» тақырыбының екінші сабағы болғандықтан балаларға миға шабуыл сұрақтары қойылды. Тақырып ашылған соң, ол сөздің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар екендігі сұралды.   Бұл оқушылардың ойлау жүйесін шыңдауға себін тигізді. 

 

 

Сәйкестендіру кезінде оқушылар тақтадағы есептерді жауабымен интербелсенді тақтаға шығып жеке-жеке сәйкестендірді. Бұл сыныптағы оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай бөлу мақсатында қолданылды. 

Келесі топтық жұмыста мәселе есептерді постерге бірігіп орындады және тақтада қорғады. Топтағы оқушылар жұмыла жұмыс жасады. Жұмыс уақыты аяқталғанда жұмыстар қорғалып, топтармен критерийлермен бағаланды. Бұл кездегі бағалар өзін өзі бағалаудан анағұрлым төмен болды. Бұдан оқушылардың өзінен гөрі басқаның кемшіліктерін қатты мойындайтыны көрінді. Жұптық жұмысқа балаларға өрнектерді ықшамдау берілді. Және әр топтан бір жұптан шығарып, тақтада орындатылды. жауаптарымен тексерілді. Бірін- бірі жұп бойынша бағалады.Бұл сабақта оқушылар әр түрлі   тапсырмалар орындай отырып, қойған мақсаттарына жете білді. Тақырыптың негізгі түйіні ашылды.

Сабақты қорытуда «Тест» арқылы оқушыларға берілді. Нәтижесінде оқушылар тест жауаптарын бірден тауып отырды. Сабақ соңында топ басшыларының бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды. «Мен осы сабақта нені түсіндім? Өзіңді қай жауабың үшін мақтай аласың? Қай жауабыңа қанағаттанбадың? Не үшін? » Оқушылар сұрақтарға жауап жазып, табыс ағашына ілінді. Үй тапсырмасы берілді.


9 ақпан күні математика пәні мұғалімі Керимбекова  Меруерт  Касымбековна «Линейные неравенства с одной переменной» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ бәйге түрінде  өтті. Сабақ бағдарламалық талаптарға сай өтті, мақсатқа жетті, сыныптың дайындық деңгейіне сәйкес келеді.Сабақ өткізілген сыныпта оқу-танымдық мотивация деңгейі орташа.   Оқыту деңгейі бойынша сынып айтарлықтай сараланады, оқу материалы басқаша қабылданады.  Сондықтан сабақ әркім өзінің білімі мен дағдыларын көрсете алатындай етіп жоспарланды (фронтальдық жұмыс, жеке жұмыс, әр түрлі деңгейдегі карточкалармен жұмыс).

Сабақта белсенділікті арттыру үшін мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолданды – ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. 

 Әр тапсырмадан кейін ауызша кері байланыс түсініктеме түрінде жүргізіліп, асық арқылы бағаланды.  Белсенділік рефлексиясы  сабақтағы ақпаратты игеруді өзін-өзі бағалауды және оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтауға көмектесті. Сабақ уақыты ұтымды бөлінді, өйткені балалар өздерін еркін сезінді.Сабақтың барлық кезеңдері арасында логикалық байланыс болды. Сабақтың барлық кезеңдері алға қойылған мақсатқа жетуге және жоспарланған оқу нәтижелерін қалыптастыруға бағытталды.  Жалпы сабақты сәтті өтті деп санауға болады.

  

           


3-ші ақпан күні  математика пәні мұғалімі Тлеубаева Рая Кадырханова    5 «Б» сыныбында  «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ  «Сәтті күн» тренингімен басталды.

 Оқушылар өзінің жүрекжарды тілегін айтып әр топқа бір- біріне сәттілік тіледі. Осы сәтте оқушылар өздерінің жақсы тілектерін естіп, жүздерінен қуаныш сезімі байқалды.Өткен тақырыпты пысықтау үшін «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау  жасағаннан кейін сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырылды.

   Логикалық ойлауға негізделген ойсергек кезеңінен «Ойша сана, байқампаз бол!».Ойын оқушылардан өз назарларын басқаға аудармай , ойша санап отыруды талап етеді. Мысалы оқушылар өздерінің білім тексеруде және тақырыпты ашуда сұрақтарды таңдау барысында өз деңгейлеріне байланысты таңдап сұраққа жауап айтылып отырылды.

 

«Өмірге қажетті білім» презентация арқылы  әр топқа өзіндік тәжірибе ұсынылып , адамның  бойын өлшеу, кітаптің перимертін табу, салмағын өлшеу ұсынылды. Оқушылар тапсырманы қызыға топпен орындады . 

 Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар орындау барысында топтар өзіне берілген тапсырмалар мен сұрақтарға толық жауап беруге дайын болды. Мұғалім  тек сырттай бақылап, бағыттап жүрді.  Шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар тек жауап қана беріп отырмай оны мысалмен келтіріп дәлелдеп отырды. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогты ықпал етті.

Нәтижесінде оқушылар бір- бірінің яғни өзара бағалап, бағалау парақшаларына ұпай сандарын белгілеп отырды.Сабақтың ортасында «Жасырын ұяшық» ойыны барысында, әр топ өзінің таңдаған ұяшығын ашып  жасырынған есепті өзара ақылдаса отырып, бір оқушыдын тақтаға шығып  жұмыс жасады. 

           Рая Кадырхановна есептерді шығаруда «Ойлан- Жұптас- Бөліс » әдісін пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын емін еркін, ашық , қысылмай дауыстап айтуына шабыт беріп отырды.

 

 Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, оқушы алған білімін саралай білу мақсатында «Жүзім бақшасы»  әдісі алынып, рефлексиясы жүргізілді. «Жүзімнің түсінің» көбірек боялу деңгейіне байланысты бағаланады.Оқушыларға сабақтың  жақсы ұнағаны байқалды ,көпшілігі жүзімнің дәндерін толық бояған .Оқушылар арасында әліде толық түсіне алмаған екі оқушы бар екендігі анықталды , сол оғушылармен жеке қосымша тапсырмамен қызықтыра отырып жұмыс жысау керектігі білінді. Оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, кеңестер сұрап отырды. Сабақ соңында оқушылар  өзін-өзі бағалады. Оқушылардың бойында оң бәсекелестің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етті. Оқушыларлар өзін- өзі реттеуі қалыптасты, жаңа тапсырманы сеніммен қолға алды. Диалог арқылы оқытуда дарынды балалар анықталды, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасты. Оқушылар зарттеушілік әңгімеге тартылды, тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздеді. Оқушылар топтық, жұптық жұмыста бір -бірінен үйренді және  тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындап,  іскерліктерін көрсетті. Ақпарат алу кезінде   дереккөздерді табуға үйренді. 

Математика пәні мұғалімі   Арыкбаева Гульнара Карбинкызынын

 10.02.23 ж   8 «В» сыныбында өтілген «Сложение и вычитание векторов в координатах. Умножение вектора на число в координатах» атты сабағы.

Сабақ барысында мұғалім келесі амалдар мен әдістерді қолданды:

• ойын-сауық және танымдық түрде жасалған жазбаша және ауызша жаттығулар (сандық қыздыру, тест, топта есептерді шешу, «Өзіңді тексер!» викторинасы)

• көрнекі (сабақтың барлық кезеңдерінің мультимедиялық көрсетілімі, тапсырмалары бар жұмыс парақтары

• АКТ қолдану (Quizizz платформасы)

• өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістері

Сабақ барысында жұмыстың келесі формалары қолданылды:

- жеке

- фронтальды

- топтық

Мұғалім сабақ мақсатын түсіндіре отырып оқу мақсатына негіздеп нақтылады. Өткен материалды қайталау кезенінде «Өзіңді тексер!», « Ауызша есеп», әдістерді өте тиымды пайдаланды. Мұғалім жеке, жүппен, топпен жұмыстар жүргізді.  Тапсырмалар оқушылардың дағдысын дамытуға бағытталған. АКТ-ны сабакта қолдану оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Гульнара Карбинкызы  оқушыларға   үнемі тиімді кері байланыс бере отырып жетістіктерін мадақтап отырды.Сабақтың сонында мұғалім « Quizizz» платформаны пайдалана отырып, оқушылардың жаңа материалды менгеру деңгейін тексерді.  

Сабақ жылдам қарқынмен өтті.  Үй тапсырмасы уақытында  берілді.   Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық,   белсенділік танытты. Сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.

 

  


Информатика пәнінің мұғалімі Нұрғожаева Меруерт Ілімғожақызының  5«Ә» сыныбында өткен «Растрлық және векторлық суреттерді салыстыру» атты сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары, оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Paint графикалық редакторында сурет салу және «Сөзжұмбақ шешу» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.

      Жаңа материалды ашу бөлімінде суреттерді ұтымды пайдаланылды. Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған алгоритмдер қолданып бағдарлама құра білуді меңгерді.


 

 


        8 ақпан күні информатика пәні мұғалімі Арифова Эльвана Орочевна

3 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Иллюстрации в тексте»

Сабақтың мақсаты: Знакомство с возможностями вставки изображений и декоративного текста (WordArt) в текстовый документ, формирование навыков форматирования документа.

Сабақ жоспары оқұшылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған.Ойын балаларды проблемалық тапсырманы орындау үшін өз күштерін, арсеналында бар білім, білік және дағдыларын жұмылдыруға мәжбүр етті.   Сабақ барысында оқушылардың  жеке ерекшеліктері ескерілді.  Сондай-ақ дамыған қиял, өз бетінше сөйлеуге ұмтылу және жеткілікті жоғары мотивация ескерілді.

 


 


Сабақтың барлық кезеңдерінде болған таңдалған әдістер: ішінара – ізденіс, проблемалық жағдаят, репродуктивті, түсіндірмелі – иллюстративті, сабақтың міндеттеріне, оқу материалының мазмұнына сәйкес келді және балаларға өз бетінше мәселені шешуге көмектесті. Барлық балалар белсенді жұмыс жасады, оңай байланыс орнатты, мұғалімнің талаптарына жауап берді, жұмысқа қатысты. Сабақтағы негізгі жұмыс түрлері фронтальды, жеке, жұптық, топтық жұмыс болды.  Кері байланыстың барлық түрлері қолданылды.  Білімнің репродуктивті және инференциалды түрі болды.   Сабақ тұлғалық-бағдарлы сипатта болды, ал оның тәрбиелік тәжірибесі танымдық, эмоционалды-құнды, өздігінен орындалатын, оқушылардың шығармашылық, логикалық қабілеттерін дамытуға, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Барлық тапсырмалар орындалды, нақты нәтиже болжаммен сәйкес келді. 



Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс- шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде, мұғалімдер және оқушылар арасында «Крестики-нолики», «Шашки» ойындардан жарыстар, сыныптан  тыс іс- шаралар («Математикалық квест»« Математический футбол», "Знатоки информатики ", «Математикалық турнир»)


 



 



Аталған ойындардың женімпаздарына шағын сыйлықтар табыс етілді.


 

  



Онкүндіктің сонғы күнінде мектеп оқұшылары арасындағы «Макеттер сайысы» байқауның қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындарға ие болған оқұшылар мақтау қағаздарымен марапатталды және сыйлықтарға ие болды

 



Сонымен қатар онкүндік барысында жүргізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар мектеп мұғалімдерге видео-презентация түрінде ұсынды. Жоспарланған іс-шаралар осы өткен онкүндікте толық және жақсы деңгейде өткізілді деп есептеймін.


                                               Ә.Б. жетекшісі:                   Г. Арыкбаева








































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив