«Парасат» тобының «Kundelik.kz электрондық журналын толтыру» атты семинары » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Парасат» тобының «Kundelik.kz электрондық журналын толтыру» атты семинары
13
ноябрь
2023

«Парасат» тобының «Kundelik.kz электрондық журналын толтыру» атты семинары

13.10.2023 жылы «Парасат» тобының  2023 – 2024 оқу жылдық жоспарына сәйкес, «Kundelik.kz толтыруды білеміз бе?» атты вебинар өтті. Мектеп информатигі Жұматаева Г.Ж. мен инженер-техник Жайнар Г.С. жас мамандарға Kundelik.kz білім платформасын қолданудың жолдарын үйретті.
Жас әріптестер білмей жүрген сұрақтарға толықтай жауап алды.

https://www.instagram.com/p/CyVkwBTKLCb/?igshid=ODk2MDJkZDc2Zg==

№32 жалпы білім беретін орта мектебінің «Парасат» тобының «Kundelik.kz   электрондық журналын толтыру» атты семинарынан мәлімет

   Елбасының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір адам, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген сөзін басты назарға алып, елімізде  «Цифрлы Қазақстан» жобасы қолға алынды. Осы «Цифрлы Қазақстан» жобасының аясында еліміздің барлық мектептерінде Kundelik.kz бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылы жасалған Kundelik.kz жобасы 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. «11 жылда өзін-өзі ақтап шығады» деп сенім білдірген жобаның бас директоры Мұқтар Ілиясов инвесторлардың жаңа жоба жасағандары үшін мемлекеттен ешқандай ақша алмағандарын атап көрсетті. «Мұғалім – оқушы – ата-ана» пирамадалық құрылымы бойынша жұмыс жасайтын жоба , №32 жалпы білім беретін орта мектебінің «Жалын» тобының «Kundelik.kz  электрондық журналын толтыру» атты семинарын өткізді. Осы семинарға мектебіміздің жас мамандары қатысып, ойларымен бөлісті. 

Семинарды Жұматаева Гүлмира Жұматайқызы мен Жайнар Гүлжазира Смайлқызы талдап, жіктеп , жас мамандарға жетік түсіндірді.  Бүгінде «Электронды күнделік» жүйесі жұмыс жасау үстінде. Интернет арқылы жүзеге асатын жоба бүкіл аймақты қамту керек. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – мұғалімдерді қағазбастылықтан «құтқару». Десе де, мұғалімдер Күнделікпен қоса оқу табелін толтырып жүр. Kundelik.kz жобасын іске асыру нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізіледі:

Мемлекет үшін:

– білім саласындағы жаңа басқару әдістерінің пайда болуы;

– бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

– білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын арттыру.

Ата-аналар үшін:

– ата-анасының баланың оқу процесіне қатысуы;

– баланың жетістіктері туралы қашықтықтан хабардар ету арқылы
 ата-аналарға тиімді жағдай жасалуы;

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін:

– оқушылардың үлгерім журналдары мен күнделіктерін тұрақты электронды түрдегі жүргізуге көшу;

– білім беру ұйымында білім беру қызметін бақылаудың жаңа құралдарының пайда болуы.

Оқушылар үшін:

– Ауыл мен қала оқушыларына сапалы білімге тең қол жеткізу;

– білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізу;

– коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Жобаны іске асыруда мемлекеттік әріптес тарапынан қаржы қарастырылмаған. Білім алушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге қажетті қатысу, бағалау, үй тапсырмалары, күнтізбелік сабақ жоспарлары бойынша негізгі функционал тегін болып келеді.

Kundelik.kz жобасы ұнайды. Біріншіден, ХХI ғасыр – компьютерлік сауаттылықтың ғасыры. Жобада барлық мүмкіндіктер қарастырылған, құрастырушылар мұғалім, ата-ана мен балалардың орнына өздерін қойып кез-келген сұрақ төңірегінде ізденіс жасаған.

Екіншіден, барлық ата-ана балаларының күнделігін ашып қарамайды. Тіпті олардан үйге «не берді?» деп те сұрамауы мүмкін. Қазіргі уақытта көп адамдар ғаламторға байланып отыр. Инстаграмда, фейсбукта отырған уақытта, осы сайтты бір қарап қойса баласының үлгерімі жақсарары сөзсіз. Тіптен хат алмасу, талқылау бәрі қамтылған.

Енді кері жағына келер болсам, біріншіден, біз сайтқа тіркелу үшін телефон, болмаса компьютер және жылдамдығы өте жоғары интернет керек. Ал мұндай жағдай жасауға көп адамның қалтасы көтермейді не тұрғылықты жерінде интернет желісі төмен болады.

Екіншіден, интернетпен тікелей байланысты болғандықтан, компьютеріміз бен телефонымызда міндетті түрде радиация болады. Бұл адамға зиян. Экраннан бөлінген сәулелер денсаулыққа кері әсер беріп, көз жанарын құртуға алып келеді, ал қазіргі адамдар көзәйнек таққысы келмейді.

Үшіншіден, оқушыға күнделіктен бұрын вк, инстаграм сияқты әлеуметтік желілер маңызды. Сайтқа олар күнде кіреді деп айта алмаймын. Ата-ана ше? Олар жұмыстан шаршап келеді. Бір күні болмаса, бір күні «қойшы осыны» деп сөйлеуі де мүмкін. Осы жағдайлар айналып келіп мұғалімнің басына түсетіні белгілі. Мұғалім болса ата-ана, оқушысының логин, құпия сөзін жазып алып бәрін өзі жасап шығады. 

 Іске асырылып жатқан Kundelik.kz жобасы толықтай жүйеге енгізілген кезде оқушыға, ата-анаға, әсіресе мұғалімдерге өте тиімді дүние болмақ. Білім берушіге де, білім алушыға да ыңғайлы бұл жоба арқылы білім беру және білім алу сапасы да жақсарады.  Халыққа тиімді жоба – мемлекеттің дамуына өз әсерін тигізер бірден-бір маңызды факторға айналмақ. Осы Kundelik.kz-ті уақытылы, дұрыс пайдалану – біздің тарапқа қайылатын міндет.

«Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткіші сабақ өткізілетін күннің 00:00-ден бастап, келесі күннің 13:00-ге дейін мектептің уақыт белдеуі бойынша қойылған немесе өңделген барлық формативті бағалардың жиынтық пайызын көрсетеді (аралық шекарасын қоспағанда).

Ескерту: бағалар уақтылы қойылған деп саналады, тіпті егер:

  • бағалар уақтылы емес қойылды, БІРАҚ уақтылы өңделді;
  • бағалар уақтылы қойылды, БІРАҚ уақтылы емес өңделді.

Критериалды бағалау жүйесі бар сыныптар үшін көрсеткіш қойылған формативті бағаларды тек сабақтағы Жұмыс түрі - «Формативті баға» бойынша ескереді.

Қалған жұмыс түрлері үшін бағалар есепте ескерілмейді.

Есептік кезең ішінде қойылған бағалар болмаған жағдайда «Журналды уақтылы жүргізу» есебінде «-» (сызықша) көрсетіледі. «Сызықша» мәні есепті құру кезінде деректердің жоқтығын ғана көрсетеді.

«ЭЖК жүргізу статистикасы» есебінің көмегімен көрсеткішті бақылау

Білім беру ұйымының әкімшісі мынадай құралдардың көмегімен «Журналды уақтылы жүргізу» көрсеткішінің деңгейін бақылай алады:

«ЭЖК жүргізу статистикасы» есебі. Мектеп есебінің көмегімен күн сайын «Журналды уақтылы жүргізу» көрсеткішін тексеруге болады. Егер бір жерде қате анықталса, онда көрсеткіші төмен мұғалімнің атына басу қажет. Сол кезде «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мұғалім» есебі ашылады. Осы есеп бойынша қай журналда қате жіберілгенін анықтауға болады.

Есепті қалыптастыру кезеңі ретінде жексенбіден сенбіге дейінгі аптаны таңдау ұсынылады, өйткені Белсенділік бақылауы туралы есеп осы кезеңде аптасына бір рет жаңартылады.

«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебі.Осы есепті қолдана отырып, қандай бағалар уақтылы қойылмағанын анықтауға болады (сабақ өткізілетін күні емес немесе белгіленген уақыттан кейін).

Баға қойылу уақытын «Сабақ № / Күні» бағанындағы күндерді және тақырыпты (ақ фон мен күн ұяшықтары) салыстыру арқылы анықтауға болады.

              Есепте максималды балл белгіленген жағдайда ғана Жиынтық бағалау жұмыстар көрсетіледі. Пән тоқсан сайын да, жартыжылдықта да бағалануы мүмкін.

«Оқушы» бағанында сыныптағы БЖБ/ТЖБ баллдарын алған балалардың саны көрсетіледі. Егер оқушыға БЖБ/ТЖБ баллдары қойылмаса, бұл оқушы бағанға қосылмайды.

 БЖБ/ТЖБ бойынша балл алған оқушы болмаса, есепте 0 болады.

«Жиынтық бағалау баллдардың пайызы» бағанында стандартқа сәйкес бағалаудың 3 санаты көрсетіледі:

  • төмен 0-39%; 
  • орташа 40-84%; 
  • жоғары 85-100%; 

Бұл бағандарда алынған баллдарға сәйкес өз санатына жататын оқушылар саны көрсетіледі.

        Барлығымыздың міндетіміз электрондық журналды уақытылы толтырып, оқу және тәрбие жұмысының тиімді түрлері арқылы білім беру мен тәрбие сапасын арттыру бойынша жұмыс жасау.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив