2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы » №32 жалпы білім беретін орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72747) 4-30-30
Есепші бөлімі:
+7(72747) 4-30-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№32 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы 

    01.09.2023 жылы Білім әлеміндегі дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күтер салтанатымыз, білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» - атты тақырыпта 1-11 сыныптарда салтанатты жиын өткізілді. 

Салтанатты іс-шараның мақсаты:  Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. 

Биылғы жылғы білім күні Кұт болып алғаш қадамың,
                                              Жағарсың білім шырағын.
                                              Биылғы жыл ерекше,
                                              Ұғарсың оның шын мәнін 
- деп мектеп

табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға сынып жетекшілерімен бірге ортаға кезекпен қошемет-құрметпен қарсы алынды.  

1 «А» сынып жетекшісі Нусипалинова Айнур Тоқтасыновна

1 «Ә» сынып жетекшісі - Турлыхожанова Алмагуль Танибергеновна 

1 «Б»сынып жетекшісі - Ибрагимова Альфия Сыдықжанқызы 

1 «В» сынып жетекшісі – Қойлыбаева Қымбат Бекенқызы

1«Г» сынып жетекшісі – Сотникова Оксана Степановна 

1 «Д» сынып жетекшісі – Лепилина Роза Спартаковна 

1 «Е» сынып жетекшісі – Луцких Кристина Денисовналар оқушыларын музыка ырғағымен салтанатты жиын алаңына қатарға тұрғызып,  мектебіміздің АӘТД пән мұғалімі Д.Т.Тұрлықожаев ҚР-ның мемлекеттік Туды ортаға ендіріп, ҚР-ның мемлекеттік Гимнімен салтанатты жиын басталды. 


Жиын барысында мектебіміздің директоры А.К.Катранова құттықтау сөз сөйлеп, биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып, білім күнімен құттықтады., алғашқы мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің 1-сынып жетекшілері атынан Липилина Роза Спартаковна,  ата-аналары атынан құттықтау сөз Алимкулова Жанна Сагымбайевналарға,  Мектебіміздің «Мектеп Парламенті» президенті, алтын белгі үміткерлері  Жұмаұлы Жүрсін және Берікболқызы Мөлдір  1- сынып оқушыларна арнап жазған жылы лебіздерін жеткізді.


Құттықтау сөз соңы 5 «Б» сынып оқушысы Бірқия Раяна «Қазақстаным Отаным» әнін,  

5 «А» сынып оқушылары Іскендір Айзере мен Құдайберген Сезім «Ұстазым менің» әнін орындап,  1-сынып бүлдіршіндері білім күніне арнап жаттаған өлең жолдарын жатқа айтты.  Алғашқы қоңырауды мектебіміздің оқуда үздік, үлгілі, тәртіпті, тәрбиелі, 11 сынып оқушыларымен 1- сынып оқушылары бірге сыңғырлата соқты. 

Салтанатты жиын сценарийі бойынша АӘТД пәні мұғалімі                  Д.Т.Тұрлықожаевтың бұйыруымен  ҚР-ның мемлекеттік Туы жиын алаңнан шығарылды. 


Салтанатты жиынды  мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі, облыстық, аудандық өнер байқауларының жеңімпазы Абдықалықов Шоқанның орындауында «Қазақтың ұлымын» әнінмен аяқтап, 2023–2024 оқу жылының «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны  жабық деп жарияланды. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив